Қарт адамдар күні

Қазанның бірінші күні Халықаралық қарт адамдар күні ретінде атап өтіледі.

 

Бұл күн БҰҰ 45 сессиясында жарияланды және 1991 жылдан бастап атап өтіледі. Бүкіл әлем бойынша қарт адамдардың құқығын қорғау жөнінде ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар, оның қоғамдағы рөлі жайлы конференциялар және конгрестер өткізіледі. Қоғамдық ұйымдар және қорлар бұл күні түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Алматы қаласының Медеу аудандық әкімшілігі осы күні мерекелік дастархан жасады, ол жерде тек мол дастархан ғана емес, шақырылған өнер қайраткерлері өнерлерін паш етті.

 

ҚПЗО қызметкерлері жиналған қарт адамдарды құттықтап, олардың еліміздің дамуына қосқан үлесіне алғыс білдірді және сыйлықтар сыйлады. Тұтастай алғанда іс-шара көңілді әрі қызықты өтті.

 

 

 

 

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий