ҚПЗО Қызметкері "Тәуелсіз өмір мектебінде" тренер

 ҚПЗО қызметкері Бақытжанова Айнұр 2023 жылдың 29 сәуір күні «Тәуелсіз өмір мектебінде» мүгедектігі бар алматылықтарға тренинг өткізді. Айнұрдың пікірі бойынша, Тәуелсіз өмір мектебі – мектептің қатысушыларына өздерінің іштерінде болатын қорқыныштары мен кедергілерін анықтауға, оларды шешуге көмектеседі, сондай-ақ, аталған мектепте оқу кезінде қатысушылар өздерінің фантазиялары мен креативті ойларын, сыни ойлармен ұштастыра отырып мәселелерін шешуге, өмірлік мәселелерге позитивті қарауға үйретеді.

Осы толқындағы мектептің қатысушылары проективті әдістерді қолдана отырып, өздерінің мәселелерін анықтауға әрекеттер жасады. Мәселелерін шешу кезінде өздеріндегі психологиялық кедергілерді анықтап, осы жолда жеткісі келетін жетістіктер мен мақсаттарын нақты белгілей алды. 
Тренер Айнұр мектептің қатысушыларымен жұмыс істеуде кәсіби тәжірибе жинақтап, жаңа сезімдер мен дағдыларды меңгергендігін айтып, мектептің қатысушыларына алғыс білдіреді.
 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий