«Жыл әжесі 2018» байқауы

2018 жылдың 26 қазанында Алматы қалалық Ардагерлер үйінде «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы аясында «Жыл әжесі 2018» байқауы өтті.

 

Бұл байқауды Қоғамдық пікір зерттеу орталығы және Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қолдауымен «Күміс Ғасыр» қоғамдық қоры ұйымдастырды. ҚПЗО (ЦИОМ) компаниясы конкурстың бас демеушісі болды. Байқауға Белсенді ұзақ өмір орталығының, Ардагерлер үйі мен Алматы қаласының зейнеткерлерге арналған күндізгі болу орталығының әжелері қатысты. Байқау 7 кезеңнен (өзін таныстыру, өмірдің ең қызық эпизоды туралы баяндау, Спорттық әже, Әженің сұлулық салоны, Әженің бәліші, Әженің стилі) тұрды. Байқауға барлығы 8 адам қатысты. Ең үлкен әже 81 жаста. Конкурстың әділ қазылар төрағасы ҚПЗО директоры Алимбекова Г.Т. болды. Сайыстың қорытындысы бойынша, Самуратова Ұлмекен Ахметовна "Жыл әжесі 2018" атанды. Байқаудың барлық қатысушыларына ҚПЗО-дан грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Шараның БАҚ-тағы сілтемелері.
https://youtu.be/1mvhg1nEMAo
https://www.zakon.kz/4943453-babushku-goda-vybrali-v-almaty.html

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий