ЦИОМ-ның төртінші meet-up-ы: әлеуметтік зерттеулерді цифрландыру

 

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТЕТІН

«ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ:
ЖИ АРҚЫЛЫ САПАЛЫҚ ТАЛДАУ, ЗЕРТТЕУ ГЕЙМИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ»

тақырыбындағы

MEET-UP БАҒДАРЛАМАСЫ

Өткізілу күні: 05 наурыз 2026 жыл
Уақыты: 15:00–17:00
Өтетін орны: Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы кеңсесі - Жібек жолы к., 54-Пушкин к., 38 үй.)
Формат: офлайн
Қатысу: алдын ала тіркелу міндетті

Шараға тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/RaXUSiapnWZGtGKu8

 

Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы 5 наурыз күні офлайн төртінші митапын өткізеді. Митап докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және әлеуметтік зерттеумен айналысатын жас зерттеушілерге арналған.

Әлеуметтік зерттеу бүгінде екі қысымның ортасында: қоғам күрделенді, ал ғылымнан дәлдік, ашық әдіс және тексерілетін қорытынды талап етіледі. Бұл жағдайда мәселе «жаңа трендте» болуда емес, зерттеудің сапасын жоғалтпай, процесті дұрыс ұйымдастыруда. Мәтіндік дерек көбейді, ғылыми әдебиет көлемі жылдам өсіп жатыр, ашық статистика кеңейді, ал нәтижені қысқа әрі түсінікті көрсету зерттеудің міндетті бөлігіне айналды. Сондықтан митаптың тақырыбы өзекті: ол зерттеушінің күнделікті жұмысындағы ең көп уақыт алатын үш кезеңді талдау, дерек жинау, дәлелді ұсыну нақты құралдармен күшейтуге бағытталған. Митаптың мақсаты қатысушыларға қолданбалы тәсілдер беру және бір-бірінен үйренетін кәсіби орта қалыптастыру; міндеті әдісті жүйелеу, сапаны бақылау және нәтижені дәлел ретінде ұсынудың логикасын нақтылау.

Кездесу үш бағытты қамтиды. Владимир Бавдинов ЖИ мен нейрожелілерді зерттеушінің цифрлық ассистенті ретінде қолдануды көрсетеді: интервью транскрипттерін реттеу, мағыналық кодтарды шығару, контент-анализді жеңілдету, әдебиетті жүйелеу, анкета мен гайд құрастыру, сондай-ақ құпиялылық пен нейрожелінің қателіктерін бақылау тәсілдері. Адина Елубаева геймификацияны зерттеу әдісі ретінде талдап, ЖИ көмегімен арнайы бағдарламалаусыз цифрлық зерттеу ойынының прототипін жасаудың қадамдарын көрсетеді: қатысушыны тарту логикасы, ойын механикасы арқылы дерек алу, артықшылықтары мен шектеулері. Айнур Бақытжанова статистикалық деректі дұрыс іздеу, дереккөзді тексеру және нәтижені бағдарламалар мен платформалар арқылы қысқа, нақты визуалға айналдыру жолдарын ұсынады, яғни зерттеу қорытындысын тексерілетін дәлелге айналдыруға көмектеседі.

Митаптың инициаторы мен ұйымдастырушысы: Айнұр Бақытжанова, +77472879543 сұрақтарыңыз болса, осы номерге хабарласа аласыз.

 

 

 

MEET-UP БАҒДАРЛАМАСЫ

Уақыты

Бөлімі

15:00–15:05

АЛИМБЕКОВА ГУЛЬЖАН ТОКТАМЫСОВНА - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының Директоры

Кездесуді ашу

15:05–15:25

БАКЫТЖАНОВА  АЙНҰР АЙБЫНҚЫЗЫ – ҚПЗО жобалар менеджері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты.

«Статистикалық деректерді талдау мен визуализациялау»

15:30–16:10

БАВДИНОВ ВЛАДИМИР NARXOZ университетінің Әлеуметтану мамандығының студенті

«Прикладное использование нейросетей в социальных исследованиях: от рутины к аналитике»

16:15–16:55

ЕЛУБАЕВА АДИНА NARXOZ университетінің Әлеуметтану мамандығының студенті

«Геймификация в социальных исследованиях: создание цифровых исследовательских игр с использованием ИИ»

16:55–17:10

Талқылау және сұрақ-жауап

Қорытынды

 

 

 

​​Кері қайту

Комментарии

Оставить комментарий